• г.Нұр-Сұлтан, р-н Алматы, 010000, ул.М.Габдуллина, д.8
  • samal46@mail.ru
  • 8 7172 44-09-08

Погода, 01 Сентябрь
Погода в Астане booked.net
+9

Макс.: +9° Мин.: +5°

Влажность: 76%

Ветер: NNE - 18 KPH

Образовательная игра

Сен 1, 2018

Количество просмотров: 207



Фотогаллерея

Танымдық ойынды ұйымдастырудағы мақсатымыз - Астана қаласының 20 жылдық туған күніне орай өзіндік үлес қосу. Бас қала – Астана туралы балалардың білімін кеңейту және сүйікті қаласына деген сүйіспеншілік, мақтаныш сезімдерін тудыру. Көңілді орта қалыптастыру.

Ойынға №46 «Астана», №85 «Бәйтерек», №28 «Жұлдыз» командалары қатысты. Танымдық ойынның құрметті қонақтары – педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент Жұмабекова Фатима Ниязбековна, Астана қаласы білім беруді жаңғырту орталығының мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту бөлімінің маманы Мухиденова Жұлдыз Амантайқызы.

Ойынның әділқазылар алқасы – Халықаралық бағдарламалар мен жаңа әдістемелер кластері негізінде серіктес №8, №47, №48 балабақшаларының әдіскерлері. Ойын балабақшамыздың «Жұлдыз» мектепалды даярлық тобының тәрбиеленушісі, Халықаралық «Таңғы шұғыла» шығармашылық жобасының көркем сөз оқу өнері бойынша 1-орын иегері Ясын Айбардың Қалқаман Саринның «Астанам» өлеңін оқуымен ашылды.

Балабақшамыздың меңгерушісі Б.Кайыргалиева келген қонақтарды және сайысқа қатысушы бүлдіршіндерді Астананың 20 жылдығымен құттықтап, өзінің ыстық лебізін білдірсе, Ф.Жұмабекова балаларды жарысқа деген құлшынысын арттырып, сәттілік тіледі. Ойын төрт сатыдан тұрды.

«Білгіштер бекеті» «Ойлан, тап!» «Қисыннан қиыстыра білейік!» «Жүзден жүйрік». Тапсырмалардың барлығы Астана қаласымен байланыстырылды, тапсырмалар да, сұрақтар да заман талабына сай интерактивті тақтада және компютерлік ойындар арқылы берілді.

Алматы қаласының «Парасат» ұлттық ғылыми-технологиялық холдингі акционерлік қоғамымен іс-тәжірибе алаңында бірлескен жұмыс жасап, Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты негізінде «Мектеп жасына дейінгі балаларға арналған компьютерлік ойындардың жұмыс нұсқасындағы дискілері жарық көріп, бүгінгі таңда сол компьютерлік ойындар қолданыс үстінде. Команда капитандары осы ойын дискілерінің ішінен таңдап алынған «Жолдан өту» ойынымен сайысқа түсті.

Әділқазылар алқасы оң шешімін тапқанша, қонақтарымыз өнерлі бүлдіршіндеріміздің шағын концерттік бағдарламасын тамашалады. Сайыскер бүлдіршіндер «Үздіктер», «Алғырлар», «Зеректер» номинациясымен марапатталып, әр ойыншыға сыйлықтар табысталды.

Танымдық ойынның құрметті қонағы – педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент Жұмабекова Фатима Ниязбековна табиғи, бояусыз, балаларға арналған шынайы ойынның өткенін және алдағы уақытта осындай құнды дүниелер барлық балабақшаларда жиі өтіп тұрса деген тілегін жеткізді.

Ойын соңында қонақтарға балабақшамыздың «Алтын балық» тобының тәрбиеленушісі, Халықаралық «Таңғы шұғыла» шығармашылық жобасының би өнері бойынша гран-при иегері Досбергенова Інжу «Хорезм» биін билеп берді. Астана қаласының көрнекті ғимараттарын бейнелейтін балалардың салған суреттері мен ата-аналармен бірлесіп жасалған макеттерден көрме ұйымдастырылды. Көрмеге компьютерлік ойынның дискілері қойылып, қонақтарға таныстырылды. Көз тартар көрмені қызықтаған қонақтар естелікке суретке түсті.



To Top