ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру және оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» 2017 жылдың 27 шілдесіндегі №355 бұйрығының және Білім басқармасының 2020 жылдың 25 қарашасындағы №107-05-87 хатының негізінде №46 «Самал» санаториялық балабақшасында 26 қараша күні ата-аналар тарапынан білім беру мекемесінің дамуына қолдау жасау мақсатында қамқоршылық кеңесін құру үшін ата-аналар жиналысы ұйымдастырылды.
Төмендегідей мәселелер қарастырылды:
Қамқоршылық кеңесі туралы ереже таныстырылды;
Қамқоршылық кеңес мүшелері сайланды;
Қамқоршылық кеңеске мүшелікке үміткерлердің келісімі алынды.
Балабақша сайтына Қамқоршылық кеңестің 2020-2021 оқу жылына жұмыс жоспары, 2020 жылдың 26 қараша күні өткізілген ата-аналар жиналысының хаттамасы, Қамқоршылық кеңеске мүшелікке үміткерлердің келісімі жүктелді.